Алматыда жасөспірімнің аяғын 20 сантиметрлік темір тесіп өтті
Алматыда мектеп оқушысы қоршаудан секіремін деп қиын жағдайға тап болды. Аяғына 20 сантиметрлік темір істік қадалып қалған, деп хабарлайды Uaqyt.info.
Бұл туралы Закон жазды. Дерекке сүйенсек, бала қоршаудан асып түспек болғанда аяғы 20 сантиметрлік істікке ілініп қалған. Денсаулық сақтау басқармасында 10 жасар баланың Алматы қалалық орталық балалар ауруханасының жедел жәрдем бөліміне жеткізілгенін айтты.
"Жедел жәрдем бөлмесінде науқасты хирург, травматолог және анестезиолог шұғыл тексеріп, ауруханаға жатқызды. Хирургтар аяқтағы бөгде затты алып тастап қана қоймай, сонымен қатар баланың өміріне маңызды тамырларды зақымданудан қорғап қалды. Олар өте мұқият әрекет етті. Миллиметрден миллиметрге дейін мұқият қозғалып, аяқтағы темірді алды. Біз тапсырма орындалды деп есептейміз. Операциядан кейінгі бірінші күні науқас өзін жақсы сезінді. Жағдайы қанағаттанарлық, - дейді қалалық балаларға шұғыл медициналық көмек көрсету орталығының қабылдау бөлімінің меңгерушісі Мейіржан Құрманалиев.
Дәрігер баланың көп ұзамай мектепке өз бетімен бара алатынын айтты.