Алматыда жеңіл көлік аялдамаға соғылды
Алматыда жеңіл көлік аялдамаға соғылды. Соның салдарынан жеті адам зардап шекті, деп хабарлайды Uaqyt.info.
Алматыда ««Mercedes» жүргізушісі рульге ие бола алмай, автобус аялдамасына соғылды. Бірнеше адам зардап шекті. Бұл туралы ҚазАқпарат жазды. Оның видеосы әлеуметтік желіде тарады. Алматы қалалық Полиция департаментінің мәліметінше, жол апаты бүгін түскі сағат 12:20-да болды.
36 жастағы «Mercedes» көлігінің жүргізушісі Абылай хан даңғылы бойымен жоғары қарай жүріп келе жатып, Райымбек даңғылына солға бұрылған кезде рульді басқара алма, аялдамаға соғылған. «Салдарынан аялдамада тұрған 7 адам зардап шекті. Олар қаланың медициналық мекемелеріне жеткізілді. Жол-көлік оқиғасы фактісін Алмалы ауданының қызметкерлері тіркеп, өндіріске қабылданды», - деп хабарлады полициядын.