Алматыда жойқын жер сілкінісі болатыны рас па?
Алматыда алдағы күндері жойқын жер сілкінісі бола ма? Осы сұрақ қала тұрғындарын алаңдатып қойды. Өйткені әлеуметтік желіде өзін көріпкел санайтын блогерлердің бірі 15 қаңтарда күшті жер сілкінісі болады деп ақпарат таратқан болатын, деп хабарлайды Uaqyt.info.
Сейсмология институты мамандарының айтуынша, алаңдауға еш негіз жоқ.
“Сейсмология институты кешенді мониторинг деректері негізінде жасайтын жыл сайынғы қорытындыға сәйкес, 200-ден астам сейсмикалық, сейсмологиялық, геофизикалық, гидрохимиялық деформация параметрлер қарастырылады. Біз жыл сайын осындай қорытынды жасап отырамыз. Өткен жылдардың тәжірибесіне сүйене отырып, біздің мамандар 2024 жылға сейсмикалық жағдай бойынша да қаңтар айының басында қорытынды жасайды. Бұл деректерге сәйкес, аномалия белгілері жоқ. Сондықтан алаңдауға негіз жоқ”, - деді мамандар.