Monday, 25 November,2024

Алматыда жол жүру ақысы қымбаттайды

Uaqyt.info
Фото Ашық дереккөзден

Алматыда 21 тамыздан бастап қоғамдық көлік жолақысы қымбайттайды, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Алматы қаласы әкімдігінің 2023 жылғы 10 тамыздағы "Қалалық қатынастарда жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты тасымалдауға арналған тарифті саралау туралы" қаулысы қабылданды. Бұл қаулы бойынша енді қала тұрғындары бұрынғыға қарағанда 50 теңге артық төлейтін болды.

“Алматы қаласының жолаушыларын әлеуметтік маңызы бар тұрақты тасымалдауға тарифтер төлем тәсіліне қарай мынадай мөлшерде белгіленсін: ұялы байланыс операторының не көлік картасының қызметтері арқылы қолма-қол ақшасыз төлеген кезде — 100 теңге; жол жүру ақысын қолма-қол ақшамен төлеген кезде – 200 теңге”, - делінген қаулы мәтінінде.

Ұсынылатын