Friday, 17 May,2024

Алматыда жүргізушілерге құрма таратқан жасөспірімді көлік қағып өлтірді

Uaqyt.info
Фото pixabay

Алматыдағы Абай даңғылының бойына шығып, жүргізушілерге құрма таратқан 15 жастағы баланы көлік қақты, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Куәгерлердің айтуынша, оқиға 18 сәуірде болған. Көліктің бейнетіркегіш камерасына түсіп қалған видеодан көліктің баланы қалай қаққанын көруге болады. Алған жарақаттан 15 жастағы бала ауруханада көз жұмды.

Алматы ПД мәліметінше, жол-көлік оқиғасы бойынша, 1998 жылы туған азамат ұсталған. Дерек ҚК 345-бабы 3-бөлігі (Абайсызда адам өліміне әкеп соққан жол қозғалысы ережелерін бұзу) бойынша тіркеліп, тиісті сараптамалар тағайындалды.

Ұсынылатын