Saturday, 23 November,2024

Алматыдағы 1116 нысан тектоникалық жарықтарда орналасқан

Алмас Абылай
Фото ашық ғаламтордан

Алматы қаласы әкімінің орынбасары қаладағы сейсмикалық мәселелер жайлы айтты. Сөзінше мегополисте 27 тектоникалық жарық бар. Дәл осы сызықта 1116 нысан орналасқан, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Асқар Әмрин бұл туралы мәслихаттың кезектен тыс II сессиясында айтты. Сөзінше Алматы сейсмикалық белсенділігі жоғары аймақта орналасқан. Жыл сайын Алматы қаласынан 90 шақырым радиуста 200-300-ге дейін, ал 30 шақырымдық аумақта 50-100 әлсіз дүмпулер тіркеледі екен.

"2017-2018 жылдар кезеңінде "ҚазҚСҒЗИ" АҚ сейсмикалық төзімділік тұрғысынан қаланың 10 158 объектісіне паспорттау жүргізілді. Нәтижесінде 3 087 нысан сейсмикалық төзімді емес деп танылды. Тектоникалық ақаулар аймақтарында 1116 нысан бар. Оның сейсмикалық төзімдісі тек 754-і ғана", - деді ол.

Сонымен қатар әкім орынбасары биыл қаланың 16,7 мың объектісіне жаңа сейсмикалық аудит жүргізілетініне де тоқталды. Осы арқылы аса қауіпті және қауіпсіз объектілердің мәртебесін көрсететін жаңа карта әзірленбек.

Ұсынылатын