- Басты жаңалықтар
- Қоғам
- Алматыдағы Абай, Жұбанов және Төле би көшелерін ұзарту жұмысы қашан аяқталатыны айтылды
Алматыдағы Абай, Жұбанов және Төле би көшелерін ұзарту жұмысы қашан аяқталатыны айтылды
Алматы әкімі қаладағы үш көшенің ұзарту жұмыстары қашан аяқталатынын айтты, деп хабарлайды Uaqyt.info.
«Абай даңғылын Строительная көшесінен қала шекарасына дейін (600 метр) ұзарту аясында бүгінгі таңда жобалау-сметалық құжаттамаға өзгерістер енгізілуде. Осы жылдың соңына дейін мемлекеттік сараптаманың қорытындысын алу жоспарда. Жұмыстарды 2024 жылдың соңына дейін аяқтау көзделген»,- деді әкім.
Сондай-ақ Досаев Төле би көшесін ұзарту мақсатында Алатау даңғылы мен Алтын Орда көшесі арасындағы ұзындығы 700 метр жол салу жұмыстары басталғанын және ол осы жылдың 20 қарашасына дейін аяқталатынын жеткізді.
«Жұбанов көшесін Момышұлы көшесінен қала шекарасына дейін ұзарту аясында бүгінгі таңда мердігер ұйымды анықтау бойынша конкурстық рәсімдер жүргізілуде (конкурстық рәсімдер осы жылдың қазан айында аяқталады). Жұмыстар жер учаскелерін сатып алуға байланысты жүргізілетін болады, 2025 жылдың соңына дейін аяқтаймыз»,- деді Ерболат Досаев.