Friday, 22 November,2024

Алматыдағы автобустар апаты: Жүргізушіге сот үкімі шықты

Алмас Абылай
Фото Видеодан кадр

Алматыда Абылай хан мен Төле би көшелерінің қиылысындағы автобустардың соқтығысуына байланысты сот үкімі шықты, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Естеріңізде болса оқиға 2022 жылдың қараша айында болған. Төле би көшесімен қозғалған 201-ші маршруттық автобус Абылай хан көшесімен көтерілген №98-ші жолаушылар көлігімен соқтығысады. Салдарынан 1 адам көз жұмып, тағы 9 жан жарақат алған еді.

Енді осы оқиға бойынша сот үкім шығарды. Кінәлі ретінде №98 автобус жүргізушісі танылды. Оған 2 жыл 6 айға бас бостандығынан айыру жазасы кесілді. Әрі 5 жылға көлік жүргізу құқынан айырды.

Ұсынылатын