Monday, 16 September,2024

Алматыдағы “барахолка” базарынан өрт шықты

Uaqyt.info
Фото Ашық дереккөзден

Алматыдағы “барахолка” базарынан өрт шықты. Қызыл жалын 2250 шаршы метр аумақты шарпыған, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Алматы қалалық ТЖД баспасөз қызметінің хабарлауынша, базардағы өрт таңғы сағат 7-лер шамасында басталған. Белгілі болғандай тілсіз жау қоймаларды шарпыған. Қаза тапқандар мен зардап шеккендер туралы ақпарат жоқ.

Оқиға орнында жедел штаб құрылып, мамандар жұмыс жүргізіп жатыр. Өртті сөндіруге 25 техника, 85 адам және қаланың өзара іс-қимыл қызметі жұмылдырылған.

«Қоймалардың қабырғалары металлдан жасалған, жоғары температура салдарынан құрылымдардың құлау қаупі бар . Өрт сөндірушілер қауіпсіздік техникасын сақтай отырып жұмыс істеуде, Москин көшесі, 7а мекенжайында көрші қоймаларды сөндіруге және қорғауға оқпандар енгізілді»,- деді баспасөз қызметіндегілер.

Ұсынылатын