Sunday, 19 May,2024

Алматыдағы ірі базарлардың бірі өртке оранды

Uaqyt.info
Фото Ашық дереккөзден

Алматыдағы “Жетісу” базарында контейнерлер өртенді, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Алматы қалалық ТЖД мәліметінше, өрт 18 сәуірде кешкі сағат 19:10 шамасында тұтанған. Тілсіз жау 120 шаршы метрді жалмап үлгерген. Зардап шеккендер туралы ақпарат жоқ.

Белгілі болғанындай Жетісу базарында контейнерлер өртенді. Қарбалас уақыттағы көлік кептелісіне қарамастан өрт сөндіру бригадасы оқиға орнына дер кезінде 19:19 да жетті. Өртті сөндіруге және көрші контейнерлерін қорғауға оқпандар енгізіліп, автоцистерналар гидранттарға орнатылып, үздіксіз су беру қамтамасыз етілді. Өртті сөндіру жұмыстары бейнебақылау жүйесінің камералары арқылы бақыланды” ,- деп хабарлады ведомстводан.

Ұсынылатын