Saturday, 5 October,2024

Алматыдағы Көктөбені мысалға алған қырғыз депутаты билікті сөзбен сойып салды

Алмас Абылай
Фото Видеодан кадр

Қырғызстанның Жоғарғы кеңес депутаты Эрулан Кокулов өз билігін сынға алды. Ол Алматы қаласында орналасқан "Көктөбе" демалыс орнымен Бішкектің туризмін салыстырған, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Депутат сөзін Алматыдағы "Көктөбе" демалыс орнына апаратын жолмен бастайды. Айтуынша асфальт жол жақсы жасалған. Әрі бірнеше атракционы мен шағын зообақ бар. Бірақ мыңнан аса кәсіпкерге әр бұрышты жалға беріп қойған. Осылайша келушілерге қызмет көрсетіп, ел туризмін көтеріп отыр, дейді.

Елдегі осы жағдайға мән берген қырғыз депутаты Бішкекте де неге сондай демалыс орнын салмасқа деп күйінеді. Тіпті сөзінше тау етегіне апаратын асфальт жолдың сапасы сын көтермейді екен. Бір жылы еріген қар суы ағызып кетсе, енді екінші жылы жаңбыр шұрық тесікке айналдыратын көрінеді.

Одан бөлек елдегі туримзді дамытайық деген ұранды құрғақ сөзге айналдыра бермей, нақты әрекет істеу керегін де еске салады. Депутаттың жан айқайы әлеуметтік желіде тарады. Бейнежазбаға желідегі жұрт түрлі пікір қалдыруда.

@besh_barmak_media

 

♬ оригинальный звук - Беш Бармак медиа

Ұсынылатын