Saturday, 23 November,2024

Алматыдағы лай көшкіні: төрт адам іздестіріліп жатыр

Uaqyt.info
Фото Ашық дереккөзден

Алматыда лай көшкіні болды. Үйіндінің астында қалған төрт адам іздестіріліп жатыр, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Алматыда табиғи апаттың салдарынан төрт адам жоғалып кетті. Үйінді астында қалған олардың не өлі, не тірі екені белгісіз. Қазір оқиға орнында құтқарушылар жұмыс істеп жатыр. Қала әкімі Ерболат Досаев іздестіру жұмыстарының өз бақылауында екенін айтты.

"Негізгі басымдық – іздеу-құтқару жұмыстары. Алдын ала мәлімет бойынша, үйде болған адамдарды іздеу бойынша барлық жұмылдыру тобының жұмысын үздіксіз қамтамасыз ету қажет", - деді Ерболат Досаев.

Әкімнің тапсырмасы бойынша оқиғаның себептерін анықтап, лай көшкіні салдарын жою үшін арнайы топ құрылды.

Ұсынылатын