Thursday, 19 September,2024

Алматыдағы лай көшкінінен төрт адам мерт болды

Uaqyt.info
Фото Ашық дереккөзден

Алматыдағы лай көшкінен қаза тапқан төрт адамның денесі табылды, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Құтқарушылар үйіндінің астынан 1984 жылы туған ер адамның, 1980 жылы туған әйелдің және 2007 жылы туған екі жас жігіттің денелерін тауып алып шықты. Қазір оқиға орнында ТЖМ психологтары жұмыс ітеп жатыр. Олар тұрғындарға психологиялық көмек көрсетуде.

Айта кетейік, 8 ақпанда түнгі сағат 2-20-да Медеу ауданы, Олимпийская көшесінің бойында техногендік топырақтың лайлануынан лай көшкіні жүргені хабарланды.

Ұсынылатын