Friday, 17 May,2024

Алматыдағы мектептерге жарылғыш зат қойғам кім?

Uaqyt.info
Фото pixabay

Алматыда мектептерге бомба қойылды деген ақпарат тарады. Осыған байланысты білім нысандары жіті тексеріліп жатыр, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Алматы ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша, бомба қойылғаны туралы хабарламаға байланысты 29 мектеп эвакуацияланып, тексерілген. Осының салдарынан сабақтар кейінге шегерілді. Жалған ақпаратты кім таратқаны әзірге белгісіз. 

"Бүгін қаладағы бірнеше орта мектепте жарылғыш зат қойылғаны туралы хабарлама түсті. Қазіргі уақытта бұл нысандарда жарылғыш затты зерттеу жұмыстарын жүргізіп жатыр. Бірнеше мектеп тексерілді, ақпарат жалған болып шықты. Жұмыс жалғасып жатыр", - деді баспасөз қызметіндегілер.

Ұсынылатын