Friday, 22 November,2024

Алматыдағы нөсер жауыннан кейін қала көшелерін су басып, дауылдан ағаштар құлады

Uaqyt.info
Фото ашық дереккөзден

Ауа-райының күрт нашарлауы және екпінді желдің салдарынан Алматыдағы бірнеше көшені су басып, ағаштар құлады, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Алматы ТЖД мәліметінше, желдің жылдамдығы 18-24 м/с жеткен. Соның салдарынан газ құбырлары бүлініп, ағаштар құлаған. Сондай-ақ 13 көлікке зақым келген.

“Жеке үйлердің аулалары мен төрт көшенің жекелеген учаскелерінде 38 жергілікті су тасқыны болды. Азаматтық қорғау қызметтері мен жергілікті атқарушы органдар су басу салдарын уақтылы жоюда. Қазіргі уақытта қаладағы жағдай тұрақты. Тіршілікті қамтамасыз ету объектілері штаттық режимде жұмыс істейді. Зардап шеккендер жоқ, - делінген ақпаратта.

Ұсынылатын