Алматыдағы өрт: Қайтыс болған 13 адамның төртеуі шетелдік
Uaqyt.info
Фото Ашық дереккөзден
Алматыдағы хостелде болған өрттен көз жұмғандардың арасында шетелдіктер де бар, деп хабарлайды Uaqyt.info.
Бұл туралы Алматы қалалық полиция Департаменті Баспасөз қызметі хабарлады.
“Алматы қалалық полиция Департаменті, хостелдегі өрт салдарынан қаза тапқандардың жеке басы анықталғандығын хабарлайды. Қайтыс болған 13 адамның төртеуі шетелдіктер (Ресей Федерациясының 2 азаматы және Өзбекстанның 2 азаматы), тағы 9-ы - Қазақстан Республикасының азаматтары. Сот-медициналық сараптама тағайындалды”, - деді баспасөз қызметіндегілер.