Алматыдағы өрт: Үкіметтік комиссия құрылды
Uaqyt.info
Фото Ашық дереккөзден
Премьер-министрі Әлихан Смайыловтың өкімімен Алматы қаласындағы хостелде болған өрттің себептерін тексеру және оның салдарын жою жөніндегі Үкіметтік комиссия құрылды, деп хабарлайды Uaqyt.info.
Алматыдағы хостелде болған өртке байланысты арнайы комиссия құрылды. Оның құрамына мемлекеттік және құқық қорғау органдарының басшылары, сондай-ақ Алматы әкімдігінің өкілдері кірді. Комиссия төрағасы ҚР Төтенше жағдайлар министрі Сырым Шәріпханов оқиға орнына шұғыл аттанды.
Естеріңізге сала кетейік, бүған таңға жуық хостелден өрт шығып, 13 адам көз жұмған болатын.