Алматыдағы Қонаев музейінің сатылымға шығарылғаны рас па?
Uaqyt.info
Фото ашық дереккөзден
Алматыдағы Дінмұхамед Қонаев атындағы музей-пәтер сатылымға шығарылғалы жатыр деген ақпарат ғаламторда қызу талқыланып жатыр. Осыған қатысты Мұражай өкілдері жауап берді, деп хабарлайды Uaqyt.info.
“Дінмұхамед Қонаевтың мемориалдық музей-пәтері "Алматы қаласы музейлер бірлестігі" КМҚК балансында және мегаполистегі келушілер саны бойынша алдыңғы қатардағы музейлердің бірі болып саналады. Желіде музей-пәтерді сатуға қатысты таралып жатқан ақпарат шындыққа жанаспайды. Құрметті БАҚ өкілдері және желі пайдаланушылары, тексерілмеген әрі жалған ақпаратты жарыса жарияламауларыңызды сұраймыз”, - делінген хабарламада.