Friday, 18 October,2024

Алматыдағы қонақүйлердің біріне бомба қойылған

Uaqyt.info
Фото Ашық дереккөзден

Алматыдағы қонақүйлердің біріне бомба қойылғаны туралы хабарлама елді дүрліктірді. Жалған ақпараттың кесірінен адамдар эвакуацияланды, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Алматы қалалық Полиция департаментінің мәліметінше, жарылғыш зат туралы хабарлама 3 қыркүйекте түнгі сағат 23:51-те түскен. Оқиға орнына келген саперлер ғимаратқа жіті тінту жүргізді. Алайда ешқандай бомба табылған жоқ.

 «Тексеріс нәтижесінде жарылғыш зат табылған жоқ. Қазіргі уақытта анонимді хабар берген адамды анықтау, оны ұстау және ары қарай жауапқа тарту бағытында кешенді жедел шаралар жүріп жатыр», - деп хабарлады Полиция департаментінің баспасөз қызметінен.

Ұсынылатын