Friday, 22 November,2024

Алматыдағы саябақта әйелді өлтірді деген күдікті ұсталды

Uaqyt.info
Фото pixabay

Соттың санкциясымен 1962 жылы туған ер адам тұтқындалды. Күдіктінің жәбірленушімен бірнеше күннен бері таныс болғаны, қылмыстың жанжал кезінде жасалғаны белгілі болды, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Polisia.kz медиа-порталының жазуынша, қазір Алматы қаласы ПД Тергеу басқармасымен ҚР ҚК-нің 99-бабы 2-бөлігімен тергеліп жатқан қылмыстық іс аясында сараптамалар тағайындалды.

ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес тергеу мүддесін көздейтін өзге де мәліметтер жария етуге жатпайды.

ҚР Конституциясының 77-бабының 3-тармағының 1-тармақшасына және ҚР ҚПК-нің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес, заңды күшіне енген сот үкімімен белгіленгенге дейін әрбір адам қылмыстық құқық бұзушылық жасауда кінәсіз деп танылады.

Ұсынылатын