Алматыдағы жер сілкінісі кезінде 44 адам зардап шекті
Uaqyt.info
Фото Ашық дереккөзден
Түнде болған жер сілкінісінен зардап шеккендердің саны 44-ке жетті, деп хабарлайды Uaqyt.info.
Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігі мәлімдеді. Ондағылардың айтуынша, жарақат алғандардың арасында 10 бала бар. Оның 5-і емдеуге жатқызылса, 5-і амбулаториялық емге жіберілген.
“Түнгі сағат 1-ден бастап бүгінгі таңертеңге Алматыда бас жарақаты, соғылу, аяқ-қолдың созылуы сияқты жеңіл және орташа ауырлықтағы түрлі жарақаттары бар 44 адам медициналық көмекке жүгінді”, - делінген ақпаратта.
Uaqyt.info Алматы жұртшылығын түн ортасында тік тұрғызған жер сілкінісі туралы бірнеше материал жазды.