Saturday, 23 November,2024

Алматыдағы жер сілкінісі кезінде зардап шеккендердің қазіргі жағдайы қалай?

Uaqyt.info
Фото

Дәрігерлер Алматыдағы жер сілкінісі кезінде зардап шеккендердің қазіргі жағдайы туралы айтты, деп хабарлайды Uaqyt.info.

"Үш науқас та жедел медициналық жәрдем ауруханасында медициналық көмек алуда. Бір науқастың жағдайы ауыр, екеуі орташа ауырлықта. Барлық пациенттер барлық қажетті ем-шараларды толық көлемде алады", - делінген хабарламада.

Мамандардың айтуынша, түрлі дене жарақатын алған төрт баланың  жағдайы орташа, тұрақты. Естеріңізге сала кетейік, осыдан бірнеше күн бұрын Алматыда жер сілкініп, адамдар үрейге қатты берілген еді. Тіпті арасында екінші, үшінші қабаттан секіріп кеткендер туралы ақпарат тарады.

Ұсынылатын