"Бұл Алланың мейірімі". Мәжіліс депутаты халықты тәубеге шақырды
Uaqyt.info
Фото
Мәжіліс депутаты Ардақ Назаров елді дүр сілкіндерген жер сілкінісіне қатысты пікір білдірді. Депутат табиғаттың тосын мінезін дінмен байланыстырды, деп хабарлайды Uaqyt.info.
“Талайды тәубесіне келтірген күн. Осы түн соңғы түніміз болғанда не істер едік? Бұл Алланың кішігірім ескертуі. Ойлап қараңызшы: жер бұдан да қатты сілкінгенде бүгін қандай хәлде болар едік. Аллаға шүкір! Бұл Алланың мейірімі деп түсіну қажет. Өйткені, үлкен ескерту келмес бұрын кіші ескерту, үлкен азап келмес бұрын кіші азап келеді. Адамдар шарасызбыз, қолымыздан түк келмейді, сөйте тұра тәкаппармыз. Ойлан. Тәубеңе кел”, - деп жазды депутат.