Алматыдағы жер сілкінісінен кейін бірнеше ғимаратта жарықтар пайда болған
Алматыда болған жер сілкінісі салдарынан қаладағы бірнеше жоғары оқу орны жатақханаларының қабырғасы жарылып кеткен. Бұл туралы Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек айтты, деп хабарлайды Uaqyt.info.
Естеріңізде болса, қуаты 5 баллдық жер асты дүмпуі 4 наурызда күндізгі сағат 11-лер шамасында болған еді.
"Бірнеше ғимараттың, атап айтқанда, әл-Фараби атындағы қазақ ұлттық университетінің, Абай атындағы қазақ ұлттық педагогикалық университетінің, Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің және Алматыдағы басқа университеттердің жатақханаларында жарық пайда болған. Біз Қала құрылысын бақылау басқармасынан және сейсмикалық төзімділік бойынша сарапшылар шақырып, талдау жүргіздік. Көтергіш құрылымдар бүлінбеген. Жарық пайда болғаны рас. Бірақ одан қауіп төніп тұр деп те айтуға болмайды. Арнайы талдау жасадық", - деді министр Саясат Нұрбек.