Алматыдағы зообақтың ең қарт тұрғыны өлді
Uaqyt.info
Фото Telegram/zooalmaty2022
Алматыдағы хайуанаттар бағына 1975 жылы келген Абессин есімді мүйізді қарға өліп қалды, деп хабарлайды Uaqyt.info.
Бұл туралы зообақтың баспасөз қызметі хабарлады. Ондағылардың айтуынша, қарғаның нақты қанша жасағаны белгісіз. Ол хайуанаттар бағына қанаты қатайған кезде келіпті. Отаны Эфиопия болуы мүмкін. Абессиннің артында қалған екі балапаны Алматы зообағында өмір сүріп жатыр.