Алматыдан 278 км қашықтықта жер сілкінісі болды
Uaqyt.info
Фото Ашық дереккөзден
ҚР ТЖМ сейсмикалық станциялар желісі магнитудасы 4.6 жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды Uaqyt.info.
Дүмпулер Алматы уақыты бойынша сағат 00:37-де тіркелді. Жер сілкінісінің эпицентрі Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 278 км жерде Қытай аумағында орналасқан.
Жер сілкінісінің энергетикалық класы 10.9. MPV магнитудасы 4.6. Сейсмологтар біздің еліміздің аумағында бұл жер асты дүмпуі сезілмеді дейді.