Sunday, 24 November,2024

Алматыға Атыраудан жарысқа келген 6 жасар бала қайтыс болды

Алмас Абылай
Фото Ашық ғаламтордан

Алматыға грэпплинг жарысына келген қатысушыларды бірі қайтыс болды. Атыраулық алты жасар спортшы белгісіз жағдайда көз жұмған, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Бұл туралы Atpress.kz жазды. Ондағы дерекке сүйенсек, қайғылы оқиға 30 қыркүйекте түстен кейін болған. Яғни Атыраудағы жекеменшік спорт клубының жаттықтырушысы  бір топ баламен грэпплингтен өтетін халықаралық турнирге қатысу үшін Алматыға келіпті.

"30 қыркүйекте "Байқоңыр" спорт клубының жаттықтырушысы 12-14 жастағы жасөспірімдерді жарысқа алып кеткен. Атыраулық спортшылардың тұрғылықты жерінде бір топ бала қалған. Олардың бесеуі дүкенге барып келуге сұранған, арасында алты жасар И. Ж-да болды. Ол жазатайым оқиғаға ұшырап, қайтыс болды", - делінген ақпаратта.

Қайғылы жайттың мән-жайы анықталуда.

Ұсынылатын