Saturday, 23 November,2024

Алматылық қобызшы парашютпен секіріп, аспанда күй тартты

Uaqyt.info
Фото Ашық дереккөзден

Бейнежазбада бұл ерекше жобаның Республика күніне арналатыны айтылған, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Белгілі қобызшы Ләйла Тәжібаева қазақстандықтарды Республика күнімен ерекше құттықтаын Almaty.tv жазды.

Қобызшы 3600 метр биіктіктен парашютпен секіріп, әуеде қобызбен Ықыластың "Жез киік" күйін орындады.

Аталған жобаны қобызшы Ләйла Тәжібаева мен Қазақстан авиациялық спорт федерациясының вице-президенті Тимофей Меркулов бірлесе жүзеге асырды. Бейнежазбада бұл ерекше жобаның Республика күніне арналатыны айтылған.

"Біз Гиннестің рекордтар кітабына ену үшін парашютпен секіру барысында қобызбен күй тартуға шешім қабылдадық. Бұл жаңа тәжірибе. Меніңше, парашютпен секірген адамға бәрі оңай болып көрінеді", – дейді қобызшы Ләйла Тәжібаева.

Ұсынылатын