Алматының бір бөлігі газсыз қалды
Uaqyt.info

Алматы облысы Қарасай ауданы Абай ауылында жүк көлігі газ құбырын соғып, соның салдарынан бірнеше шағын аудан газсыз қалды, деп хабарлайды Uaqyt.info.
“20 ақпан 2024 жылы шамамен сағат 21:50-де Қарасай ауданы аумағында жүк көлігі магистраль, орта қысымды газ құбырына соқтығысуы себепті Наурызбай ауданының бірнеше шағынаудан тұрғындарына газ беру шектелді. Қазір апатты қалпына келтіру жұмыстарына қаланың барлық коммуналдық қызметтері мен құтқару қызметі жұмылдырылды. Апатты қалпына келтіру жұмыстары шамамен сағат 04:00-ге (21.02.2024) дейін жалғасады”, - делінген ақпаратта.