Saturday, 27 April,2024

Алтайдағы балалар лагерінде 67 бала уланып қалды

Uaqyt.info
Фото Ашық дереккөзден

Алтайдағы «Горный Орленок» балалар лагерінде 67 бала және екі ересек адам уланып қалды, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігі хабарлады. Онда адамдардың жаппай уланғаны айтылған. Мамандар тексере келе науқастардан ішек инфекциясын тапқан.

Қазіргі таңда денсаулығы сыр бергендер  аудандық аурухананың инфекциялық бөлімдеріне және ЖИТС орталығында ем қабылдап жатыр. Ал балалар лагеріне қатысты қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Алдағы уақытта ол жабылып тынуы мүмкін.

 

Ұсынылатын