Saturday, 23 November,2024

Алтайдың "...мын" шығарған журналист кім?

Алмас Абылай
Фото Ашық ғаламтордан

Астана қаласының бұрынғы әкімі, Премьер-Министрдің орынбасары қызметінен де түсіп қалған Алтай Көлгіновтің әрекеті жұрт ашуына тигендей. Тіпті елдегі журналистердің бірі оның ісін сынға алған, деп хабарлайды Uaqyt.info.

"Астананың ...мын шығарған Алтай Көлгінов" деп басталатын бейнежазбаны Youtube-те белгілі журналист жариялаған. Онда бұрынғы әкімнің әрекетсіздігі сынға ілінеді. Оның қызметте отырғанда бас қаланың су астында қалғаны, қыс болса қар құрсауынан шыға алмайтыны көрсетіледі.

Тіпті карантин кезіндегі отшашу экс-әкімнің бүкіл жағдайға бәрібір қарайтынының айғағы дегендей мысал келтірілген.

Желідегі жұрт бұл бейнежазбаға тоқтаусыз пікір жазуда. Басым бөлігі айтылғандардың шындық екеніне тоқталған.

Ұсынылатын