Алты адам зардап шекті: Алматыда екі автобус соқтығысты
Uaqyt.info

Алматыда автобустар соқтығысып, соның салдарынан алты адам зардап шекті. Жол көлік оқиғасы Алатау ауданында болған, деп хабарлайды Uaqyt.infо.
"Бұл жол-көлік оқиғасы таңғы сағат 9:00-де Алатау ауданында болған. Бекболат және Жаңа құрылыс көшелері қиылысында 75 және 102 бағытындағы екі автобус соқтығысқан. Алдын ала мәлімет бойынша, 75-автобустың жүргізушісі қашықтықты сақтамау салдарынан аялдамада жолаушыларды отырғызып, түсіріп жатқан 102-автобуспен соқтығысқан", - делінген хабарламада.