Saturday, 27 July,2024

«Алтын домбыра» республикалық ақындар айтысында Мақсат Ақанов бас жүлде алды

Uaqyt.info
Фото Ашық дереккөзден

Астанада өткен «Алтын домбыра» республикалық ақындар айтысында Мақсат Ақанов бас жүлде алды, деп хабарлайды Uaqyt.info.

«Еңбек – ел ырысы» атты жыр додасында қарағандылық Мақсат Ақанов айтыстың алтын тәжі - «Алтын домбыра» және бас жүлдеге тігілген автокөлікті ұтып алды.

Ол финалда астаналық Мейірбек Сұлтанханнан басым түсті.

Екінші орынды Аспанбек Шұғатаев алса, үшінші орынды Жансая Мусина мен Төлеген Жаманов місе тұтты.

Ұсынылатын