Sunday, 24 November,2024

Алтын сырға араға сызат салды: Түркістан облысында зейнеткерді ұлының досы тонап кеткен

Алмас Абылай
Фото Ашық ғаламтордан

Түркістан облысында зейнеттегі кейуана алтын сырғасынан айырылып қалды. Оны күшпен өз ұлының досы тонап кеткен, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Полиция дерегіне сүйенсек, оқиға Жетісай қаласында тіркелген. Жәбірленушінің айтуынша, кешкі уақытта үйінде ұлының досы қонақта болған. Содан ер адам зейнеткерге күш көрсетіп, алтын сырғасын шешіп алыпты. Кейін оқиға орнынан қашып кеткен. Келтірілген шығын – 100 мың теңге.

Зейнеткердің арызы Қылмыстық кодекстің 191-бабы 2-бөлігі "Тонау" бойынша тіркелген. Түркістан облыстық полиция департаментінің мәліметінше, күдікті ұсталды. Тергеу кезінде ер адам жәбірленушінің ұлымен бірге үйінде ішімдік ішкені анықталды. Кенеттен ойы өзгерген ол есік алдында келе жатқан егде жастағы әйелге күш қолданып, құлағынан сырғасын шешіп алған. Қолды болған алтын сырға тәркіленіп, иесіне қайтарылды.

Қазіргі таңда күдіктіге қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр.

Ұсынылатын