Saturday, 23 November,2024

Алтынай Жорабаева бесінші қызына ерекше есім берді

Uaqyt.info
Фото Ашық дереккөзден

Кеше ғана бесінші перзентін дүниеге алып келген әнші Алтынай Жорабаева өзіне тілек болған жандарға алғысы жеткізді. Ол дүние есігін ашқан сәбиіне Амина деп ат қойған, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Амина Алишерқызы. Қош келдің, ботам. Бес қызым - бес бармағым. Барлық мақтаулар мен мадақтар, тек бір Аллаға тән. Қымбатты тілекшілерім. Сіздердің: “Аман-есен жаның қалсын” деген тілектеріңіздің маған қандай демеу болғанын білсеңіздер ғой. Босанып жатқан әйелдің бір аяғы жерде, бір аяғы көрде дегендей, өмір мен өліммен арпалысып , сәбиді дүниеге әкелу - үлкен жеңіс”, - деп жазды әнші.

 

Ұсынылатын