Алтынай Жорабаева екінші күйеуінен жүкті екенін жеткізді
Танымал әнші Алтынай Жорабаева жүкті екенін айтып, халықтан сүйнші сұрады, деп хабарлайды Uaqyt.info.
Бұл туралы әнші өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.
“Алланың қалауымен, сіздердің ақ тілектеріңізбен, әке-анам, ата-енем, бауырларым, қыздарым мен Алишер екеуіміздің дұғамызбен, Алишер екеуімізге Алла тағалам сәби сүюді нәсіп еткелі жатыр екен, Алишердің қуанғаннан төбесі көкке бір елі ғана жетпей қалды.
Негізі 3 жылдай қатты үміттенгенбіз... Содан былтырдан бері үмітімізді үзген едік. Себебі жас та келіп қалды дегендей.
Мені қоя берші, Алишерді қатты уайымдадым, Алла бір бала берсе екен деп.
Сонда Алишер: Жаным-ау, уайымдама, бәрі Алланың қалауымен болады. Мен ертең Алланың алдына барғанда, «неге балаң болмады» деп сұралмаймын. Мен қыздарға қандай әке болғаным үшін, саған қандай жар болғаным үшін сұраламын. Сондықтан Алла бізден жақсы біледі ненің бізге қайырлы екенін» деген соң, кішкене уайымым басылды. Шынында да алланың өз есебі бар екен ғой”, - деп жазды Алтынай Жорабаева.