- Басты жаңалықтар
- Шоу-бизнес
- "Алтынайдың ақшасы үшін үйленді". Талғат Жорабаев жездесі туралы шындықты айтты
"Алтынайдың ақшасы үшін үйленді". Талғат Жорабаев жездесі туралы шындықты айтты
Алтынай Жорабаеваның інісі Талғат Жорабаев қазіргі жездесі туралы ел естімеген шындықты айтты, деп хабарлайды Uaqyt.info.
Сәбит Әбдіхалоқовпен ажырасқаннан кейін Алтынай Жорабаева 2020 жылы екінші рет тұрмысқа шыққан болатын. Ел арасында оның екінші күйеуі туралы алып-қашпа әңгіме көп.
Бірі Әлішерді Алтынайдың ақшасы үшін алды десе , енді бірі оны күшік күйеу деп қағытқан болатын.
Алайда Талғат Жорабаев қаңқу сөздердің барлығын өтірік дейді. Оның айтуынша, жездесінің бірнеше бизнесі бар, жағдайын Алтынайға үйленге дейін жасап тастаған.
"Өткенде Алтынай бір құпиясын ашты ғой. "Негізі көлікті әперген - Әлішер" деді ғой. Әлішер алғашында "Көлік әперемін" дегенде, мен келіспегенмін. "Жоқ, аласың" деді. Әлішер жездеммен жақсы тіл табыстық. Алтынай әпкеммен отбасы құрды. Үлгілі отбасының бірі деп есептеймін. "Мен ер адам бола тұра, төрт баласы бар әйелді ала алмас едім" деймін. Қанша жерден мықтымын деп кеудемді ұрсам да, олай жасай алмайтын едім. Әлішер ер адамдар істей алмайтын нәрсені жасады. "Еркек" деймін. Сол үшін ризамын, құрметтеймін, сыйлаймын". Ол бұрын үйленбеген. Бизнес жасап, інілерін бағып-қағып жүргенде уақыт өтіп кеткенін білмей қалған. "Үйленем ғой" деп жүргенде Алтынайды кездестіріп қалады. Әке-шешеміздің, ол кісінің ата-анасының алдынан өтті. Ол кісілер батасын беріп, екеуі шаңырақ көтерді. Әркім әртүрлі айтады. "Алтынайдың ақшасы болғасын үйленді" дейді. Жоқ, Әлішер жағдайын жасап қойған жігіт. Бизнесі, зауыттары, жиһаз салондары бар. "Алтынайдың үйіне кіріп алған" деген өсек. Ондай нәрсені ескермеуге тырысамыз", - деді Талғат Жорабаев.