Sunday, 5 May,2024

Алтыннан үміт бар. Қазақстандық қос боксшы әлем чемпионатының финалына өтті

Uaqyt.info
Фото

Үндістанның Нью-Дели қаласында бокстан әйелдер арасында өтіп жатқан әлем чемпионатында қазақстандық екі боксшы Карина Ибрагимова мен Ләззат Күнгейбаева финалға өтті, деп хабарлайды Уақыт.кз.

25 наурызда 57 келіге дейінгі салмақта өнер көрсететін Карина Ибрагимова италиялық Теста Ирмаға қарсы рингке шығады. Ирма 2020 жылғы Токио олимпиадасының қола, өткен жылғы әлем біріншілігінің күміс жүлдегері атанған мықты боксшы. Ал жерлесіміз бұған дейін әлем чемпионатының екі дүркін қола жүлдегері атанған болатын.

2016 жылы әлем біріншілігін жеңіп алған Ләззат Күнгейбаеваның да қарсыласы осал емес. Ол аса ауыр салмақта марокколық Марди Хадиджамен күш сынасады. Хадиджма әлем біріншілігінің күміс және қол жүлдесін ұтып алған боксшы.

Айта кетейік, Уақыт.кз бұған дейін қазақстандық Алуа Балқыбекованың қола медаль алғанын жазған еді.

Ұсынылатын