Sunday, 24 November,2024

Алтынсарин арабтың емес, қазақтың қызметінде болды – Садық Шерімбек

Uaqyt.info
Фото

Танымал блогер, ғалым Садық Шерімбек ағартушы, ұлттың ұлы ұстазы Ыбырай Алтынсариннің атын жамылып, қоғамда дау туғызып жүрген діни фанатиктерге жауап берді, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Бұл туралы Садық Шерімбек өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жазды. Онда блогер қазақ зиялыларының атын жамылып, ортаға іріткі сап жүрген дүдәмал топтардың іс-әрекетіне тоқталған.

«Бір құдайға сыйындық» деп ойлайсыңдар-ау, бірақ оқып жүрген дінкеш көргем жоқ. Оқығанын көңілге ықыласпен тоқығандары жайлы мүлде айтпасақ та болады. Фанатиктер. Бұларға Ыбырай атасы осындай кезде қажет боп қалады өзі. Өздерін қорғау үшін. Сақалын дәлелдейтін кезде Абай мен Шәкәрім аталары керек. Аталарының өзі емес. Сөзі емес. Сақалы керек. Хиджапты дәлелдегісі келсе, күй шебері Дина әжелері қажет. Сол алпыстағы кемпірдің кимешегіне алты жасар қыздарды бүркегісі келеді. Домбырасы емес, кимесі қажет. Өзінің дінкәс пікірін дәлелдеу үшін ғана. Сол кезде ғана ұлтының атын тіліне алады. Басқа ниет жоқ. Ыбырайды да сол үшін пайдаланып жатыр. Ыбырайды қайтесіңдер? Ол мұсылман болса да, шоқынған болса да ҰЛТЫ үшін қызмет қылып кетті. Ұлтқа жаңаша ғылым-білім әкелді. Мектеп салды. Қазақ даласында қыздарды оқытты. Түсіндіңдер ме, дінкестер?! Қыздарды оқытты ол! Қазақтың қызметінде болды. Арабтың емес, - деп жазды Садық Шерімбек.

Ұсынылатын