Monday, 25 November,2024

Алынғанның бәрі тірі: Қарағандыда дәрігерлер кішкентай баланың мұрнынан 10 құртты шығарды

Алмас Абылай
Фото instagram.com/kgp.odkb.krg

Қарағандыда дәрігерлер мұрын қанауымен түскен кішкентай баланы тексеру кезінде сұмдық жайтқа куә болған. Дереу шара нәтижесінде мұрын қуысынан тірідей 10 құртты алып тастапты, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Бұл туралы Қарағанды облыстық балалар-клиникалық ауруханасы хабарлады. Дерекке сүйенсек, бүлдіршіннің жағдайын әжесі байқапты. Бірақ ата-ана тек мұрыннан қан кеткенде ғана ауруханаға алып келген.

"Қабылдау бөліміне ЖМК бригадасы мұрынның қанауымен және мұрынның ішінде бөгде дене болуы мүмкін 2 жас 6 айдағы қыз баланы әкелді.Мұрынның риноскопиясын жүргізген кезде, оң жағынан көптеген мөлдір көздер байқалған. Анасы бұның қашан пайда болғанын білмейді. Айтуынша баланың әжесі 3-4 күн бұрын мұрыннан жағымсыз иісті байқаған , баланың мұрнынан қан кеткеннен кейін медицина көмегіне жүгінген. Мұрында 10 тірі құрт болған", - делінген ақпаратта.

Құрттардың бала мұрнына қалай кіріп кеткені белгісіз. Десе де дәрігерлер мұндай жағдайдың сирек кездесетінін айтуда.

Ұсынылатын