Saturday, 23 November,2024

Алжу ма, әлде әзіл ме? АҚШ Президенті жұрт алдында сөзден сүрінді

Алмас Абылай
Фото Ашық ғаламтордан

АҚШ Президенті Дж Байден сөзден сүрінді. Ол әлемнің жеті кереметін 9-ға толтырып жіберген, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Шетелдік БАҚ дерегіне сүйенсек, Байден АҚШ-тағы Үлкен каньонды әлемнің тоғызыншы кереметіне балады. Осылайша бір дерекпен 2 қате жіберіп, жұрт алдында ұятқа қалған.

"Үлкен каньон – әлемнің тоғыз кереметінің бірі, ойлаңызшы, ғажап. Американың әлемге әйгілі символы", – дейді Байден.

Айта кетейік, АҚШ Президентінің бұл алғашқы жаңылуы емес. Бұған дейін де ол Канаданы Қытаймен, Иракты Иранмен шатастыр бірнеше мәрте сөзден сүрінген еді.

Мұндай келеңсіз жайтқа Байденнің егде тартқан жасы кінәлі болса керек. Дегенмен, ол 2024 жылы екінші рет сайлауға түсуге ниетті екенін мәлімдеді. Келесі сайлауда оның жасы сексен екіден асады.

Ұсынылатын