"Алжыған шал". Молданың "Имам Мәхди" туралы айтқаны жұрт талқысына түсті
Алмас Абылай
Фото Видеодан кадр
Халық арасында сопы атанып кеткен Исматулла Мақсым жұртты тағы бір шулатты. Бұл жолы ол ақырзаманның бір белгісіне байланысты сүйінші сұраған, деп хабарлайды Uaqyt.info.
Бейнежазба әлеуметтік желіде тарады. Видеодан Исматулланың жұрт алдында сүйінші сұрап сөйлеп тұрғанын байқайсыз. Яғни, ол ақырзаманның бір белгісі делінген имам жайлы айтуда. Оның қайдан шығатынына да нақты тоқталады.
"Сіздерге бір қуанышты хабар. Мінекей көріңізші. Бұл кісі Сібірде. Сібірден шығады", - дейді ол.
Десе де, оның бұл сөзін жұрт қызу талқылауда. Бірі оны "алжыған зікірші шал" десе, енді өзгелері "Путинге теңеп тұра ма" деген ойға кеткен.
@gabit.alzhan ♬ оригинальный звук - gabit.alzhan