Friday, 18 April,2025

"Аман-есен босанып алайын..." Мәдина Сәдуақасова тосыннан жан сырын ақтарды

Алмас Абылай
Фото Ашық ғаламтордан

Әнші Мәдина Сәдуақасова әлеуметтік желіде жан сырын ақтарды. Тіпті айналасындағы босанған әйелдерге жақсы тілектерін арнаған, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Әнші әлеуметтік парақшасында бала сүю, бала көтеру төңірегінде сөз қозғаған. Тіпті жанындағы қатарлас әйелдердің босанған сәтіне қуанатынын да жасырмапты.

"Көптеген әріптес қыздарымның жақсы жаңалықтарын естіп қуанып жатырмын. Өзім ұзатқан жас қыздар болсын, қатарымдағы өзіммен жасты қыздардың да "тсс, ешкімге айтпай, жар салмай, аман-есен босанып алайын" деп жүргендер де бар. Мен де осы уақытқа дейін үндемей, керемет қуанышты жаңалығыммен енді бөлісемін деп жүргенде… ол болмай қалды. Жарайды… Әлі уақыт бар… Бұйырар", - деп жазады әнші.

Сонымен қатар ол сәби күтіп жүрген аяғы ауыр келіншектерге аман-есен босанып алуын тілеген. Әрі тілектің ең кереметі осы дегенді алға тартыпты.

Желідегі жұрт бұл жазбаға түрлі пікір қалдыруда. Басым бөлігі әншінің де бала туып алғанын қалайтынын жазған.

Ұсынылатын