Saturday, 23 November,2024

“Аман жүргенім соның арқасы”. Нұрбике Нұрқаділова Сара Назарбаеваға не үшін қарыздар?

Алмас Абылай
Фото Коллаж/uaqyt.info

Марқұм Заманбек Нұрқаділовтің әйелі Нұрбике Нұрқаділова Назарбаевтар әулетімен қандай қарым-қатынаста болғанын айтты, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Ескерту: Материалды рұқсатсыз көшіріп басуға тыйым салынады!

Бұл туралы Нұрбике Нұрқаділова журналист Нұрсейіт Жылқышыбайдың Youtube-тегі “Уақыт көрсетеді” бағдарламасына берген сұхбатында мәлімдеді. Оның айтуынша, Заманбек Нұрқаділов пен Нұрсұлтан Назарбаев уақытында керемет сыйласқан екен. Олардың әйелдері де тығыз қарым-қатынаста болыпты. Нұрбике Нұрқаділова Сара Алпысқызы жайлы естелігімен бөлісті.

“Нұрекеңмен де, Сара апаймен де шәй ішіп жүрдік. Жақсы араласатынбыз. Парадтар да, түрлі жарыстарда, наурыз секілді мерекелерде жиі жолығатынбыз. Нұрекең Зәкеңді өте сыйлайтын. Біз де ол кісілерді қатты сыйладық. Сара Назарбаевамен бірге суық суға құйынып, шынығып жүрдік. Мүмкін осы уақытқа дейін аман жүргенім сол спортпен айналысқанның арқасы шығар” – деді Нұрбике Нұрқаділова.

Сұхбаттың толық нұсқасын Нұрсейіт Жылқышыбайдың Youtube-тегі “Уақыт көрсетеді” бағдарламасынан көре аласыздар.

Uaqyt.info бұған дейін Заманбек Нұрқаділовтің не үшін бірінші әйелін тастап, Мақпал Жүнісоваға кеткені жайлы жазған болатын.

Ұсынылатын