Saturday, 18 May,2024

Аманжол Әлтаев: “TikTok желісіне тыйым салу керек”

Uaqyt.info
Фото Ашық дереккөзден

Мәжіліс депутаты Аманжол Әлтаев Қазақстандакәмелетке толмағандарға  “TikTok желісіне тыйым салу керектігін айтты, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Аманжол Әлтаевтың айтуынша, әлеуметтік желі жасөспірімдердің санасын улап, тәрбиесіне орасан нұқсан келтіріп жатыр. Соның салдарынан қатыгез, безбүйрек жастар көбейген. Депутат соңғы кездері жантүршігерлік оқиғалардың жиілеп кетуіне TikTok кінәлі дейді. Ол осы мәселеге нүкте қоюды сұрап, өз депутаттық сауалын вице-премьер Алтай Көлгіновке жолдады.

"Түркістандағы мектеп оқушысының өлімі, Қазалыда оқушыны тепкілеген жасөспірімдердің әдепсіз әрекеті, Өскеменде қызды ауыр соққыға жығу оқиғалары менің бүгінгі уайымым. Әлеуметтік мұғалім, сынып жетекшісі іс-шараларды ұйымдастыру принциптерін қайта қарауы керек. Қазақстанда балаларға шексіз қызмет көрсететін TikTok әлеуметтік желісін кәмелетке толмағандар арасында пайдалануға тыйым салу керек", - деді Аманжол Алтай.

Ұсынылатын