- Басты жаңалықтар
- Қоғам
- "Анам ешкіммен байланысқа шыға алмай отыр". Журналист Сандуғаш Дүйсенованың қызы соңғы жағдайды ашып айтты
"Анам ешкіммен байланысқа шыға алмай отыр". Журналист Сандуғаш Дүйсенованың қызы соңғы жағдайды ашып айтты
Журналист Сандуғаш Дүйсенованың қазіргі жай-күйін қызы айтып берді. Сөзінше анасы қоғаммен байланыса алмай отырған көрінеді, деп хабарлайды Uaqyt.info.
Бұл туралы қызы әлеуметтік парақшасында жазды. Онда Қазақстан журналистерінің дабыл қағуы көмек қолдау болғанын ашық айтқан.
"Құрметті, достар! Анама әлеуметтік парақшасына рұқсат бергенімен, пост жазбауға кеңес берілді. Сондықтан әлеуметтік желіні мен қызы Сая Билялова жүргізетін боламын. Алдымен анамды қолдаған барша жанға алғыс білдіргім келеді. Шынында бұл жағдай бізді қатты әсер етті. Аяқ асты анамды құдды бір қылмыскердей қапасқа жауып, бостандығынан айырды. Қазақстан журналистерінің араласуымен үйге шығарды. Бірақ қазір ол өзінің кәсіби қызметін жалғастыра алмай отыр. Соған қатты ашулы. Оның үстіне тергеуші ұялы телефонын алып қойды. Ал барлық құнды фото-видео материалдар сонда сақтаулы еді. Сондықтан анам ешкіммен байланыса алмай отыр. Тергеу аяқталғанша соңына дейін күтейік", - дейді қызы жазбасында.
Еске салайық, бұған дейін Жетісу облысында журналист Сандуғаш Дүйсенованың қамауға алынғаны қоғамды дүр сілкіндірді. Тіпті кейіннен қапаста оны тырдай жалаңаш шешіндіріп, сағын сындыру үшін қысым көрсетілгені де жазылды. Бірақ көп ұзамай ел-жұрттың араласуымен оны үй жағдайында ұстау шарасымен шығарған болатын.
Сандуғаш Дүйсенова осыдан 1 жарым жыл бұрын адам өлтіргені үшін қамауға алынған қылмыскердің жеке мәліметтерін жариялады деген күдікпен тергелуде.