Thursday, 19 September,2024

Анасы таксиде ұмытып кеткен: Алматыда төрт жасар қызға іздеу жарияланды

Uaqyt.info
Фото Ашық дереккөзден

Жамбыл ауданынан Алматыға бет алған әйел кішкентай қызын таксиде ұмытып кеткен. Полиция төрт жасар Қалмақбай Мәрмәрға іздеу жариялады, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Еріктілердің айтуынша, 1984 жылы туған келіншек кішкентай қызымен Жамбыл ауданындағы Үмбетәлі ауылынан Алматыға жолға шыққан. Жолай таксиге отырған ол қалаға кіргенде көліктегі кішкентай баласын тастап кеткен. Екі күннен бері іздестіріліп жатқан төрт жасар қыз туралы әзірге ақпарат жоқ.

Ұсынылатын