Saturday, 23 November,2024

“Анасын “жерлеу” үшін ақша сұраған”: Жетісу облысында бірнеше алаяқтыққа қатысы бар ер адам ұсталды

Uaqyt.info
Фото Polisia.kz

Жетісу облысында бірнеше алаяқтыққа қатысы бар күдікті қамауға алынды, – деп хабарлайды Uaqyt.info.

Полицейлер Үштөбе қаласының тұрғындарын бірнеше рет алаяқтық жолмен алдаған 37 жастағы күдікті ер адамды ұстады. Әзірге ұсталған азамат келтірілген залалдың жалпы сомасы 1 миллион теңгеден асатын үш алаяқтық ісіне қатысы бар деген күдікке ілінді.

– Ұсталған азамат көршілес Алматы облысының тұрғыны, ол Үштөбеде жұмыс істеген. Бір оқиғада ер адам жұмыс берушіден тірі анасын жерлеуге деп қаражат сұраған. Бір    досынан соғымға деп жылқы алған, оны да төлемеген. Үшінші біреуден қолма-қол ақшаны емделу үшін қарызға алған. Қазір күдіктінің басқа да осыған ұқсас қылмысқа қатысы бар-жоғы анықталып жатыр,– деді Қаратал АПБ бастығының орынбасары Арман Сұлтанұлы.

Аудандық соттың санкциясымен күдікті ер адам уақытша ұстау изоляторына қамалды. Аталған фактілер бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабының 3-бөлігіне сәйкес жүргізіліп жатыр.

Ұсынылатын