Әнипа Назарбаева Алматы облысындағы колледжінен айырылды
Uaqyt.info
Фото Ашық дереккөзден
Экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың туған қарындасы Әнипа Назарбаева Алматы облысындағы колледжінен айырылды, - деп хабарлайды Uaqyt.info.
Бұл туралы "Пятый регион" жазды. Онда Әнипа Назарбаеваға тиесілі "Үшқоңыр су шаруашылығы колледжі" сот арқылы мемелекет меншігіне өткен айтылған.
"Алматы облысының қаржы басқармасы" республикалық мемлекеттік мекемесі мен Әнипа Әбішқызы Назарбаева атынан "Әнипа" жеке кәсіпкері арасында жасалған 2016 жылғы 7 шілдедегі №3 "Үшқоңыр су шаруашылығы колледжі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының коммуналдық меншік объектілерін кейіннен сатып алу құқығымен сенімгерлік басқару шартын бұзылсын", - делінген іс материалдарында.