Saturday, 23 November,2024

Әнші Бүркіттің қарындасын фитнес клубта белгісіз ер адам сабап кетті

Алмас Абылай
Фото

Танымал қазақстандық тележүргізуші және блогер Әсел Асқар спортшының қолынан таяқ жегенін айтты, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Бұл туралы блогер әлеуметтік парақшасында айтты. Онда "Рояль" фитнес клубында ер адам – грек-рим күресінен чемпион, кәсіпқой балуан өзін бетінен бірнеше рет ұрғанын, қазір оның тарапынан қоқан-лоқы көріп жатқанына тоқталады. Осылайша қала прокуроры мен полиция басқармасы басшысынан көмек сұраған.

Алматы қалалық Полиция департаменті аталған оқиғаға қатысты пікір білдірді.

"Блогерді ұрды деген күдікпен 27 жастағы ер адам анықталды. Дерек Медеу аудандық полиция басқармасында тіркеліп, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. 1996 жылы туған М.-ға қатысты ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 73-1-бабы (Ұрып-соғу) және ҚР ӘҚБтК-нің 434-бабы (Ұсақ бұзақылық) бойынша әкімшілік іс қозғалды", - делінген ақпаратта.

Жарақатының ауырлығын анықтау үшін Әсел Асқарға сараптама тағайындалды. Іс материалдар шешім қабылдау үшін сотқа жолданады. Тергеу барысы Алматы ПД басшылығының бақылауында.

 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

A post shared by UAQYT.INFO (@uaqyt.info)

Ұсынылатын